freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыда ер адам зейнеткер енесін зорлады деген күдікпен ұсталды

Құқық
Алматыда ер адам зейнеткер енесін зорлады деген күдікпен ұсталды
Фото: saryarqanews.kz

Алматыда енесін зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Полиция 65 жастағы әйелге қатысты жыныстық зорлық-зомбылық болуы мүмкін деген істі тергеп жатыр.

17 тамызда күйеу баласы шай ішемін деген сылтаумен енесінің үйіне барған. Отбасы ер адам оның дәрменсіз жағдайын пайдаланып, жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткенін айтады.

Отбасы сол күні полицияға хабарласқан. Бұған дейін жәбірленушінің сараптама қорытындысындағы қателіктерге байланысты бірнеше күн бойы сот-медициналық сараптама тағайындалмаған.

Күдіктінің үш баласы бар екен, оның біреуі – ерекше бала.

Алматы қалалық Полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Күдікті ұсталып, Уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция оның әрекеттері тергеуден кейін заңды түрде бағаланатынын айтты.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу