Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыда ONAY жүйесіне шабуыл жасалды

Қоғам
Алматыда ONAY жүйесіне шабуыл жасалды

Алматы көлік холдингінің желісіне DDOS шабуыл 9 тамыз күні сағат 23:00-де басталған, деп хабарлайды Malim.kz.

Дегенмен, компания таратқан мәліметке қарағанда, автобустардағы техника жұмысы бұзылмаған. Жолаушылар жол жүру ақысын көлік карталары, SMS және ONAY мобильді қосымшасы арқылы төлей алған.

Бірақ кейбір пайдаланушылар мобильді қосымшалардың кей қызметтеріне, көлік карталарын толтыруға және QR арқылы төлеуге байланысты кедергіге ұшырауы мүмкін екенін ескерткен болатын.
DDOS шабуылына байланысты барлық олқылық түзетілгені бүгін жарияланды. Қазір барлық ONAY қызметтері шектеусіз жұмыс істеп тұр.

Фото: Tengrinews.kz/Алихан Сариев

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу