Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыда оқу жылы басталғалы бері 89 оқушы вирус жұқтырған

Мәдениет
Алматыда оқу жылы басталғалы бері 89 оқушы вирус жұқтырған

Оқу жылы басталғалы бері Алматыда 89 оқушыдан коронавирус анықталған. Бұл жөнінде қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді.

Жандарбек Бекшин коронавирус жұқтырған оқушылардың сыныптары карантинге жабылып, онлайн оқуға көшірілді дейді. Оның сөзінше, оқушылар вирусты мектепте емес, отбасында жұқтырған.

"Қазір оқушылар арасында вирус азайды. Оқу жылы басталғалы бері мектепке барып білім алған 89 баладан вирус анықталды. Олар білім алған сыныптың барлығы карантинге жабылды, яғни, оқушылар онлайн режимде білім алып жатыр. Оқушылар вирусты мектеп қабырғасында емес, отбасында жұқтырған. Сондықтан ата-ана қауіпсіздік ережелерін сақтауы қажет", - дейді Бекшин.

Бас санитар дәрігердің сөзінше, қазір Алматы қаласындағы эпидемиялық жағдай тұрақталған. Аурудың күндік өсімі 1 пайыздан 0,6 пайызға азайған. Шілде, тамыз айларында күніне 1,5 мың науқас тіркелсе, қазір бұл көрсеткіш төмендеп, 900-ге түскен.

Статистика бойынша, қазір Алматы қаласында ауруханаға күніне 350 науқас түседі. Ауруханадағы орындардың 43 пайызы бос емес. Науқастардың азаюына байланысты инфекциялық төсектер саны қысқартылып жатыр.

Алматы қаласында індет басталғалы бері 155 мың адамнан коронавирус анықталған. Шаһар республика бойынша коронавирус жұқтырғандар жөнінде бірінші орында тұр.

Фото: caspianlife.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу