Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыда орыс жерін біріктіруші князь Александр Невскийдің ескерткіші ашылды

Сұқбат
Алматыда орыс жерін біріктіруші князь Александр Невскийдің ескерткіші ашылды

Алматыдағы ескерткіштің ашылу салтанатына Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединский келіп Путиннің құттықтау сөзін оқыды. Шараға қала әкімі Ерболат Досаев бастаған әкімдіктің жауапты қызметкерлері қатысты. Ұйымдастырушылар әкімді «Бейбітшілік пен келісім» орденімен марапаттады.

Ескерткіштің авторы ресейлік мүсінші Салават Щербаков. Мүсіндік композиция Невскийдің 800 жылдығына орай ашылып отыр. Ескерткіштің биіктігі бес метрдей. Невскийге Орталық Азияда алғаш рет ескерткіш орнатылып отыр.

Былтыр Алматыдағы собор алаңына ескерткіш орнату жоспары туралы ақпарат тараған кезде әлеуметтік желі қолданушылары наразылығын білдірген болатын. Сол кезде қалалық ескерткіштерді қорғау комиссиясы ақпаратты жоққа шығарған болатын.

Алайда 2021 жылдың 6 қаңтарында бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев митрополит Александрмен кездесуі кезінде «мақұлдап, бекіткен».

Александр Невскийдің есімі Сталиннің тікелей тапсырысы бойынша түсірілген режиссер Сергей Эйзенштейннің «Александр Невский» фильмі арқылы танымал. Ол фильмде князді шведтер мен неміс рыцарьларын жеңіп, мықты қолбасшы және орыс жерлерін біріктіруші ретінде көрcеткен.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу