Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыда қылмыстық топ жаңа туған нәрестелерді сатумен айналысқан

Қоғам
Алматыда қылмыстық топ жаңа туған нәрестелерді сатумен айналысқан
Фото: видеодан кадр

Алматыда жаңа туған нәрестелерді сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ қолға түсті, деп хабарлайды Malim.kz.

Ішкі істер министрлігі мәліметінше, қылмыстық топ мүшелері қыздардың қиын жағдайын пайдаланып, нәрестелерін сатуға көндірген.

«Қылмысқа қатысы бар тұлғалар ұсталды. 20-дан астам қылмыстық іс тергеліп жатыр», – делінген хабарламада.

Күдіктілерге мүлікті тәркілеумен бірге 18 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Бұған дейін,  жаңа туған нәрестені Қазақстаннан әкетпек болған Қытай азаматтары Алматы әуежайында ұсталғаны хабарланған еді.  Ішкі істер министрлігі бұл жағдай бойынша Қылмыстық Кодекстің 135-бабы (Кәмелетке толмағандар саудасы) бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Десе де қылмыстың басқа мән-жайларын мәлімдемеді. 

«STOP-трафик» бағдарламасы аясында Қазақстанда адам саудасының 39 дерегі тіркелді. Оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты алты дерек бар.

Абай облысында азаматтарды мәжбүрлі еңбекке тарту схемалары анықталды. 11 қылмыстық іс қозғалып, материалдар сотқа жолданбақ. 

“Шымкент, Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Қостанай облыстарындағы түнгі ойын-сауық орындарын тексеру барысында,  кәмелетке толмағандарды әртүрлі қанау түрлеріне тарту фактілері анықталды. Астанада полиция қызметкерлері прокуратурамен бірлесіп, Гёте көшесіндегі теміржол вокзалы маңында рейдтер жүргізді. Нәтижесінде сегіз адам азаматтарды жыныстық қанау мақсатында притондар ұйымдастыру және ұстау күдігімен қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр”, – делінген хабарламада. 

Ақмола облысында «рухани орталық» құрған діни топтың қызметі тоқтатылды. Тергеу деректері бойынша, оның мүшелері отбасылық құндылықтардан бас тарту мен бейберекет жыныстық қатынасты насихаттаған. Полиция сараптамалар тағайындап, тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу