Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыда самокат мінген қыздарды автобус қақты

Оқиға
Алматыда самокат мінген қыздарды автобус қақты

Алматыда электросамокат мініп, жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өтіп бара жатқан екі қызды автобус қағып кеткен видео СІМ телеграм арнасында жарияланды.


Жол апаты 3 қыркүйекте Алмалы ауданында болған. Бұған дейін Полиция департаменті Мақатаев көшесімен шығыс бағытта келе жатқан автобус жүргізушісі Уәлиханов көшесімен солтүстікке қарай жаяу жүргіншілер өткелі арқылы өтіп бара жатқан екі қызды қағып кеткені хабарланған болатын.

Апат салдарынан 2008 жылы туған екі қыз жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді.

Алматы қалалық Балаларға арналған шұғыл медициналық көмек орталығы директорының орынбасары Құрмет Тоқтардың айтуынша, 5 қыркүйектегі жағдай бойынша зардап шеккен жасөспірімдердің денсаулығы орташа ауырлық дәрежесінде бағаланады.

Оларға Денсаулық сақтау министрлігінің диагностика және емдеу хаттамаларына сәйкес медициналық көмектің толық көлемі көрсетіледі.

Еске сала кетейік, Алматыда электровелосипедтердің саны күрт өсіп, оларды тіркеу мәселесі өзекті болып отыр. Полиция қуаты жоғары көліктердің заң бойынша мопед санатына кіретінін еске салып, тіркеу тек талап емес, иесінің құқығын қорғау кепілі екенін айтты.

Алматыда полиция 70-ке жуық самокатты айыппұл тұрағына қойды.

Фото: видеодан скрин   

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу