Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыда такси жүргізушісіне шабуыл жасаған екі жолаушы жауапқа тартылды

Оқиға
Алматыда такси жүргізушісіне шабуыл жасаған екі жолаушы жауапқа тартылды

Алматыда такси жүргізушісіне шабуыл жасаған екі жолаушы жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Қалалық соттың мәліметінше, Т. көліктің артқы орындығында темекі шегіп отырған. Жүргізушінің ескертуіне ол балағат сөздер айтып, жүргізушіні желкеден ұрған.

"Сот Т.-ны қылмыстық кодексінің 109-1-бабы 1-бөлігімен (денсаулыққа жеңіл зиян келтіру) кінәлі деп танып, 12 тәулікке қамаққа алуды және жәбірленушінің азаматтық талабын ішінара қанағаттандырып, 100 000 теңге мөлшерінде моральдық шығын өндіруді шешкен. Екінші жолаушы К., көліктің алдындағы орнында отырып, жүргізушіге балағат сөз айтқан. Ол әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 434-бабы 1-бөлігімен жауапқа тартылды. Сот К.-ға 15 тәулікке әкімшілік қамау жазасын тағайындады", – делінген хабарламада. 

Еске салайық, бұған дейін Алматыда такси жүргізушісін ұрған ер адам ұсталғаны жөнінде бұрын ақпарат тараған. Бұған дейін алматылық тұрғын көлігінде темекі шегуге рұқсат бермеген жүргізушіні ұрып жібергені хабарлағанды. 

Фото: Pixabay.com 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу