freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыдағы қайғылы жол апаты: Zeekr көлігі айыптұрақта тұрғаны белгілі болды

Оқиға
Алматыдағы қайғылы жол апаты: Zeekr көлігі айыптұрақта тұрғаны белгілі болды
Бейнежазбадан скриншот

Алматы қаласындағы Аль-Фараби даңғылы бойында болған адам өліміне әкелген жол апаты қоғамда үлкен резонанс тудырды. Әлеуметтік желілерде апатқа қатысы бар деп күдікке ілінген Zeekr электромобилінің айыптұрақта тұрған сәті түсірілген жаңа кадрлар тарады, деп хабарлайды Malim.kz.

21 наурызға қараған түні жоғары жылдамдықпен келе жатқан Zeekr көлігі қарсы бағытқа шығып кетіп, Mercedes автокөлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан Mercedes жүргізушісі мен екі жолаушысы (20 және 22 жастағы қыздар) оқиға орнында қаза тапты.

Zeekr жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Кейін ол қамауға алынып, іс бойынша тергеу изоляторына қамалды. Тергеу деректеріне сәйкес, ол апат кезінде жеңіл дәрежеде мас күйде болған. Күдіктіге Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі бойынша іс қозғалды. Бұл бап үш және одан да көп адамның өліміне әкелген жол ережесін бұзуға қатысты және 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Әлеуметтік желілерде апатқа дейін уличтік жарыстар болуы мүмкін деген нұсқалар тараған. Осыған байланысты ішкі істер органдары қызметтік тексеріс жүргізіп, Алматы полициясының бірқатар басшылары қызметінен босатылған.

Сонымен қатар күдіктінің көлігі оқиға болғаннан кейін арнайы айыптұраққа қойылғаны ресми түрде расталды. Қазіргі таңда іс бойынша тергеу жалғасып жатыр. Құқық қорғау органдары апатқа қатысты барлық мән-жайды, соның ішінде әлеуметтік желілерде тараған ақпараттарды да мұқият тексеріп жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу