Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматының урбанистика басқармасының басшысы ұсталды

Сұқбат
Алматының урбанистика басқармасының басшысы ұсталды

Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы жер учаскелерін беру және объектілердің құрылысын келісу кезінде лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланған.

Ол жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелерінде, нысаналы мақсатына қарамастан және құрылыстың тығыздығын ескермей, жеке құрылыс компанияларының мүддесі үшін 2020-2023 жылдары 3 көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысын заңсыз келіскен. Мемлекетке жер учаскелерінің төленбеген кадастрлық құны түрінде 307 млн теңгеден астам залал келтірілген.

Бұдан басқа, 2020 жылы медициналық орталық пен ХҚКО-ның құрылысын заңсыз келісе отырып (инвестициялық жобаларды іске асыру түрімен), мүдделі тұлғалардың жеке меншігіне жер учаскелерін төмен бағада әрі негізсіз беруге ықпал еткен. Шығын 180 млн теңгені құрайды.

Қазіргі уақытта соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда, басқа лауазымды адамдардың қатыстығы тексерілуде.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу