«Мешіттен шыққан» педофил.  Мүфтият неге күдікке іліне береді?

Ол тоғыз жастағы екі жеткіншекті қараусыз қалған ғимаратқа апарып зорлаған

Malim Админ

  • 13.05.2022

Жамбыл облысы Шу ауданының тұрғыны  3-сынып оқушыларын зорлап, ойына келгенін істеген. Бұқаралық ақпарат құралдарында  азғындық әрекетті жасаған Бірлік ауылының  30 жастағы тұрғыны екені жазылды. Ол тоғыз жастағы екі жеткіншекті қараусыз қалған ғимаратқа апарып зорлық қылған.


Тергеу барысында анықталғандай, оқиға наурызда болған. Бұл жөнінде зардап шеккендердің бірінің анасы мәлім етті. Оның тоғыз жастағы ұлы ауруханаға түскен, дәрігерлер бала ауыр жарақат алғанын анықтапты. Үшінші сынып оқушыларына әлімжеттік жасады деген күдікті қазір  қамауда.

Жамбыл облысы ПД баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова«Полиция қызметкерлерімен жедел іздестіру шараларын жүргізгенде Шу ауданының 30 жастағы тұрғыны ұсталды. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 12-бабының 4-бөлігімен соталды тергеп-тексеру басталды. Күдіктіге қатысты Шу ауданының соты қамауға алу бұлтартпау шарасын бекітті", - деп мәлімет берді.  

Бейресми деректерде күдікті деп танылған ер адам жергілікті мешіттердің бірінде имамның көмекшісі болғаны айтылды. Бірақ ауылдың бас имамы бұл деректі жоққа шығарып, қоластында ондай қызметкер мүлдем болмағанын жеткізді.Азғындық іске қатысты делінген азамат бұған дейін де мектеп оқушыларына қысым көрсеткен деген сыбыс бар.

Malim.kz  тілшісі  Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасына хабарласып, күдіктінің имам көмекшісі болған, болмағаны жөнінде сұрап білді. Басқарманың баспасөз қызметі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтады.

«Зорлықшы Шу ауданы, Бірлік ауылының  1992 жылы дүниеге келген, еш жерде жұмыс жасамайтын ауыл тұрғыны.  Мешітке кейде келіп жүргені болмаса, мешіттің діни рәсімдеріне қатысы жоқ. Жамбыл облысында мешіт қызметкері ретінде тіркелмеген», дейді ҚМДБ. 

Ал Бірлік ауылының әкімі Нұрбек Қарауылов айыпталған азаматтың  мешітке барып жүрген жамағаттың бірі екенін айтады. Бұл шағын ауыл. Күдікті қара жұмыспен айналысады. Кеше ауылда жалпы жиналыс өтті. Облыстан прокурорлар, психологтар келіп мәселені бақылауға алды деп жауап берді.

Облыстық "Һибатулла Тарази" мешіті БАҚ-тың жоғарыда аталған ауыл тұрғынын мешіт көмекшісі деп айтқанын  теріске шығарды.  Басқарма  өкілдері «ҚМДБ құрылымындағы діни лауазымдар тізілімі және міндеттері» басылымында "мешіт көмекшісі" деген лауазым жоқ деп отыр.

Мұндай азғындық әрекеттер елімізде аз болып жатқан жоқ. Ең сорақысы, қиянатты іске барған азаматтың мешіт жамағатының бірі болғаны. Осыдан біраз уақыт бұрын Қарағандыда да қаршадай қызды мешіт имамы зорлап, облыстың бас имамы азғынды мүфтият бекіткен имам емес деп мәлімдеген-ді. Дегенмен ауылдағылар оны діни жоралғыларды өткізуге шақырып, ауыл молдасына айналдырып алғанын айтқан. Блогер Айсұлтан Жақып та айыпталушының имам болып жұмыс істегенін әшкерелеген болатын. Осыдан соң облыстың бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожа: "Ол имам болып барған жоқ, тек сынақ мерзіміне діни өкіл ретінде ғана жіберілген", – деп күлбілтелеп жауап берген. 

Шудағы арсыздыққа себепкер болған тұрғын да мешітке келіп уағыз тыңдап жүрген адам. Мүфтият жоққа шығарғанымен бұл іс те Қарағандыдағы жағдайдың керін кимей ме? Бір кездері ҚМДБ-ның өкілі Бақтыбай Бейсенбаев діни қызметкерлердің 50 пайызының білімі төмендігін,  сондықтан діни басқарма оқуды жаңа бітірген жастарды да ауылдарға имам етіп жіберуге мәжбүр екенін айтқан еді. Бүгінгі таңда имамы жоқ шалғай ауылдар да көп екені БАҚ-та жиі жазылып жүр.Сондықтан, ҚМДБ ауыл мешіттерін жіті тексеруі қажет. Әйтпесе, Шудағыдай бір күні мешітке барып, екінші күні бала зорлайтындарға тоқтам болмас. 

О.Әбіл   

Байланысты жаналықтар

Аспанды жол еткен әкімдер жерге қашан түседі?

19.08.2023

Актер Кененбай Қожабековке жауыздық жасаған кім?

09.08.2023

Депутат жоқ малға субсидия алып отырған

18.05.2023

Екібастұзда атыс болып, бір адам ауруханаға түсті 

16.05.2023

Үш баланы өлтіру. Полицейлер бірін бірі терістеп жатыр.

04.05.2023

«ӨКМ Операторы» ісі. Адвокат материалдармен таныспаған судьяны ауыстыруды талап етті  

17.04.2023
MalimBlocks
Аспанды жол еткен әкімдер жерге қашан түседі?

Кесене артындағы дәретханадан, үйіліп жатқан қоқыстардан... ұяттан кірерге жер таппадық

Актер Кененбай Қожабековке жауыздық жасаған кім?

Осыдан кейін Нұрмұхан Жантөрин екеуі мүлдем араласпай кеткен

Депутат жоқ малға субсидия алып отырған

600 бас ірі қара мал сатып алуға берген несие қаражатын заңсыз алған

Екібастұзда атыс болып, бір адам ауруханаға түсті 

Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр

Үш баланы өлтіру. Полицейлер бірін бірі терістеп жатыр.

«Сириядағы соғысқа қатыспаған». Бір жарым ай бұрын Ақтауда ажырасқан әйелінде кеткен үш баласын қастандықпен өлтірген әкенің діни жат ағымның жетегінде кеткені туралы ел арасында түрлі әңгіме айтылған еді

«ӨКМ Операторы» ісі. Адвокат материалдармен таныспаған судьяны ауыстыруды талап етті  

Прокурор да, сот та айыпталушының шағымын қарамаған