Қалетаев жаңа қызметке тағайындалды
Дархан ҚАЛЕТАЕВ Қазақстанның Украинадағы елшісі болып тағайындалды.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Дархан Қалетаев Қазақстанның Украинадағы төтенше және өкілетті елші қызметіне тағайындалды", - делінген Ақорда сайтында.
Ал бұған дейін Украина және Молдовада Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі болған Самат ОРДАБАЕВ бұл қызметтен босатылды.
Қалетаев 2019 жылдың наурызынан желтоқсанына дейін президент әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары қызметін атқарды. Бұған дейін, 2019 жылдың ақпанынан наурызына дейін премьер-министрдің кеңсесін басқарды, 2018 жылдың шілдесі мен 2019 жылдың ақпаны аралығында қоғамдық даму министрі қызметін атқарды.
Фото: kapital.kz