Қыркүйектің басынан елімізде 7 әскери қызметші мерт болды - журналист

Арман Қайыпхан

  • 14.10.2024

Журналист Амангелді  Құрметұлының айтуынша, соңғы екі оқиға кеше және бүгін болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Тізіп шықсақ, 7 қыркүйекте Маңғыстаудағы оқу-жаттығу кезінде офицер жас сарбаз Марат Барқұловты тапаншамен атып алды. 

12 қыркүйекте Алматыдағы С.Нұрмағамбетов атындағы құрлық әскері институтында 44 жастағы сержанттың денесі табылды. 

19 қыркүйекте Аягөздегі 10810 әскери бөлімінде Нұрсұлтан Алдамұратов есімді офицердің мәйіті табылды. 

21 қыркүйекте Петропавл қаласында келісімшарт бойынша жұмыс істеп жүрген әскери қызметкер қайтыс болды. 

28 қыркүйекте Ақтау қаласындағы 51809 әскери бөлімінде Н.Мұханов есімді сержант өзіне қол салыпты.

13 қазанда Шахтинскде  бір әскери қызметші өзіне қол салыпты.

14 қазанда Приозерскіде де 06708 әскери бөлімінде бір сарбаз өзін-өзі атып тастады. 

Өмірден озған әскери қызметшілердің көбі келісімшарт бойынша еңбек етіп жүрген азаматтар еді. Өкінішке қарай, өлім-жітім Ұлттық ұланда да, армия  бөлімдері мен оқу орындарында да, қорғанысқа жауапты өзге құрылымдарда да болып жатыр. Оқыс оқиғаларды қоспай, тура суицид мәселесін қарастырсақ тиісті  мекемелер олардың көбі  «отбасылық-тұрмыстық жағдайға байланысты» өздеріне қол салғанын жиі алға тартады. Ал халықта күмән көп. Тергеу-тексеру әдетте  Қылмыстық процестік кодекстің 201 бабын «крыша» етеді де, нақты себебін бұқара білмей қалады. Бұл бап «тергеу құпиясын сақтауға» арналған норма. Тергеушілер әдетте  осы бапты алға тартады да  көп дүниені айтпайды. Бәлкім содан да шығар әскердегі өлім-жітімнің нақты себебіне байланысты күмән сақталып қалады. Ал «отбасылық жағдайға байланысты өзіне қол салды» немесе «тұрмыстық мәселеден болды» дейтін уәждер  қоғамға өтпейді. Сарбаздардың мойнындағы кредиттің өзі  суицидке себеп болады деп біржақты бағалау  қиын меніңше.  Сондықтан  бұл мәселеге қатысты тәуелсіз комиссия  жұмыс істеуі керек шығар, - дейді журналист.

Оның айтуынша, армиядағы суицид  мәселелерін зерттейтін тәуелсіз комиссия АҚШ-та жұмыс істейді. Былтыр осы комиссия Пентагонға арнайы ұсыныстар да енгізген. 
Соның нәтижесінде АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остин Пентагонның армиядағы өлім-жітімді азайту бағытындағы стратегиясын таныстырған. Сол стратегияға сәйкес Пентагон 2000 маманды жалдап, суицидтің алдын алу бағытында нақты жұмысқа көшкен. 

Мұндай топты Primary Prevention Workforce деп атаған. Профилактикамен айналысатын мұндай топтар 2023 жылдан бері Еуропа мен Азиядағы АҚШ базаларында жұмыс істеп жатыр. 

Ал бізде ше? Суицид профилактикасына қатысты стратегия бар ма, жоқ па білмеймін. Primary Prevention Workforce сияқты топ жоқ шығар. Суицид мәселелерін  зерттейтін тәуелсіз комиссия  құрылды дегенді де естіген жоқпын. Айтпақшы, әскерилер арасындағы суицид мәселесін батыс елдері жасырмайды. Проблема бар екенін ашық айтады.  Профилактиканы күшейтуге барын салады.  Айталық сол баяғы Пентагонның бір есебін оқыдым жуырда.  Сол есепте әскердегі суицидті күш құрылымдарына бөліп көрсетеді. Тіпті резервтегілерді де санайды.  Мысалы, 2023 жылы АҚШ әскерилері арасында 332 суицид болыпты. Оның 135-і армияда,  63-і теңіз жаяу әскері корпусында, 71-і флотта, 63-і әскери әуе күштерінде тіркелген. Резервтегілер арасында 161 суицид болған. Есепте 2018 жылдан бергі деректер бар. 2024 жылдың алғашқы үш айы да көрсетілген. 94 өлім тіркеліпті. Бір сөзбен айтқанда  америкалықтар әскердегі суицидті  жан-жақты зерттейді, - дейді ол.

Оның айтуынша, израилдіктер де мұндай мәселені ашық айтады. Әр сарбаздың жан дүниесіне үңілуге тырысады.  Ал түріктер  бұрын ашық айтып, мәселе етіп көтеруші еді,  соңғы кезде қойды. Бірақ 10 жыл ішінде Түркия Қарулы күштері мен өзге де әскери құрылымдарында  өзіне қол салғандар саны 900-ден асып кеткені жайлы мәлімет тараған. Шамамен  жыл сайын 90 адам суицид жасайды деген сөз. Дегенмен түріктер бұл мәселені жылдарға бөліп  қарастыруды қойды. Өлім-жітімді антитеррорлық операцияларда қаза тапқан жауынгерлердің статистикасына қосып жіберетінді шығарды.

Ұмытып барады екенмін, АҚШ Қарулы күштерінің жеке құрамы 1,39 млн, Түркия әскері  520 мың адам. Біздің әскерилеріміздің саны 110 мың шамасында. Ал Қазақстанда соңғы 4 жылда әскерилер арасында 86 суцид тіркелген. Бұл дегеніңіз Қазақстанда әр 100 мың әскери қызметшіге шаққанда суицид деңгейі  жылына 21,5 адам-нан келеді деген сөз. Ал АҚШ  армиясында әрбір 100 мың адамға шаққанда былтыр 25,5 суицид тіркеліпті. Ал Түркия армиясында 100 мың адамға шаққанда 18 суицид тіркеледі екен. Дегенмен оларда ақпарат  біршама жабық, - деп қорытындылады сөзін сарапшы.

Фото: Қорғаныс министрлігі

Байланысты жаналықтар

Әке болайын деп жүрген жігіттер әскерден босатылады

14.11.2024

Қарулы күштер жаңа әскери формаға көшті

12.11.2024

Әскерде мүгедек болып қалған Ербаянға Түркияда ота жасалды

12.11.2024

Жамбыл облысында жасөспірім қыз жоғарғы қабаттан секіріп кеткен

10.11.2024

Жамбылда бір көшеде тұратын екі жасөспірімнің мәйіті табылды

30.10.2024

Израиль Ирандағы нысандарға шабуылын аяқтағанын мәлімдеді

26.10.2024
MalimBlocks
Әке болайын деп жүрген жігіттер әскерден босатылады

Қарулы күштер жаңа әскери формаға көшті

Әскерде мүгедек болып қалған Ербаянға Түркияда ота жасалды

Жамбыл облысында жасөспірім қыз жоғарғы қабаттан секіріп кеткен

Сол күні кешке достарын шақырып, кеш ұйымдастырған

Жамбылда бір көшеде тұратын екі жасөспірімнің мәйіті табылды

Екеуі бір-бірімен таныс болған, бірақ екі жағдайдың бір-біріне қатысы жоқ дейді полицияда

Израиль Ирандағы нысандарға шабуылын аяқтағанын мәлімдеді

Оны Иран шабуылдарына жауап ретінде мәлімдеген