Түркістан алған ақшасын биыл ақтамады

Айшолпан КЕРІМ

  • 01.11.2021

Жыл басында облыс әкімдігі Түркістан облысы әлемдік туризм орталығы болуға лайық деп мәлімдеген еді. Алайда өңір тіпті ішкі туризм бойынша көш соңында қалған. Finprom.kz дерегіне сәйкес, 2021 жылдың тоғыз айының есебі бойынша, бір ғана Түркістан облысына 80,8 млрд, ал қалған 16 өңірге ортақ 86 млрд инвестиция құйылған. Бір өзіне бүкіл Қазақстан үшін жұмсалған қаражат бөлінсе де, Түркістан іс жүзінде әлі жақсы нәтиже көрсете алмай келеді.

Түрлі сала бойынша жасалған рейтингілерде өңір әлі көш басына шыға қоймады. Мысалы, ішкі туризм бойынша келушілерді орналастыру орындарындағы қызмет көрсету бойынша көш басында Алматы (447,2 мың адам), Нұр-Сұлтан (289,5 мың адам) және Алматы облысы (165,9 мың адам) тұр.

Ал Түркістан облысы бұл тізімнің тек 9-орнына жайғасқан: жартыжылдық ішінде орналастыру аумағында тек 94,7 мың келушіге қызмет көрсетілген.

Шетелдік туристер ағыны бойынша да өңір елдегі ең нашар нәтижелердің бірімен тізім соңында тұр. Алты ай ішінде тарихи Түркістанға тек 870 шетелдік келген.

Салыстырмалы түрде дәл осы уақыт аралығында Алматыда 54,2 мың, Нұр-Сұлтанда 34,9 мың, Қостанай облысында 5,5 мың шетелдікке қызмет көрсетілген.

Түркістан өңірін дамытуға бөлінген қаражаттың көп бөлігі құрылыс нысандарына бағытталғанын атай кеткен жөн. Өңір басшылары туристерді тарту мақсатында салынған түрлі нысандар арқылы алдағы жылдары бөлінген қаржы ақталатынын айтады. Әсіресе 10 сәуірде салтанатты түрде ашылу рәсімі өткен "Керуен-Сарай" туристік кешенінен үміттері зор.

Байланысты жаналықтар

Украинаға уәде етілген F-16 ұшақтарының алғашқы легі жеткізілді

05.08.2024

Ресей мен АҚШ сотталғандарды алмасу бойынша бірнеше адамды түрмеден босатты

02.08.2024

Зеленский Ресейдің екінші бейбіт саммитке қатысуы туралы айтты

01.08.2024

«Прокурор қылмыскерге қарсы»: Трамптың бәсекелесінде мүмкіндік бар ма?

31.07.2024

Ресейде блогерлер туралы дерек жинайтын заңға өзгеріс енді

30.07.2024

Африкада «Вагнер» жасағының сарбаздары шығынға ұшырап, тұтқынға түсті

29.07.2024
MalimBlocks
Украинаға уәде етілген F-16 ұшақтарының алғашқы легі жеткізілді

Шілде айының соңғы күнінде Украинаға Ресей шабуылынан қорғану үшін АҚШ-тан уәде етілген 79 F-16 истрибелдерінің алғашқы он данасы жеткізілді. Биыл Украина тура осындай тағы 20 ұшаққа қол жеткізбек. Ал олардың қалған бөлігі 2025 жылы елдің қорғаныс саласына беріледі деп күтіліп отыр.

Ресей мен АҚШ сотталғандарды алмасу бойынша бірнеше адамды түрмеден босатты

Президент Байден мақұлдаған алмасу барысында Ресейде түрмеде отырған журналист Эван Гершкович пен Алсу Құрмашева, саясаткер Владимир Қара-Мырза және теңіз жаяу әскерінде бұрын қызмет еткен Пол Уилан бостандыққа шыққан.

Зеленский Ресейдің екінші бейбіт саммитке қатысуы туралы айтты

Ресейді Украинадағы жағдайды реттеуге арналған екінші бейбіт саммитке қатысуы тиіс. Себебі, жағдайды реттеуді әлемнің көптеген елдері қолдап отыр. Бұл туралы Украина Президенті Владимир Зеленский фрациялық журналистерге берген сұқбатында айтты.

«Прокурор қылмыскерге қарсы»: Трамптың бәсекелесінде мүмкіндік бар ма?

АҚШ демократиялық партиясы атынан тіркелген үміткердің ауысуы президенттік кампанияның жұмысын қайта бастауға мәжбүр етті.

Ресейде блогерлер туралы дерек жинайтын заңға өзгеріс енді

Ресей Думасы он мың оқырманы бар блогерлерді Роскомнадзорға өздері туралы ақпарат беруге міндеттейтін заңға енген түзетуді мақұлдады.

Африкада «Вагнер» жасағының сарбаздары шығынға ұшырап, тұтқынға түсті

 «Вагнер» жеке әскери компаниясының құрамындағы болған бұрынғы жалдамалы жендеттерден тұратын ресейлік "Африка корпусы" Мали-Алжир шекарасында ондаған жауынгерлерінен айырылды. Құмды дауыл кезінде ресейлік және Мали әскерлерінің колоннасы тәуелсіз Азавад мемлекетін құруды жақтайтын туарегтер ұйымдастырған қоршауда қалған.