Ұстаз мәртебесі – ұрпақ мәртебесі

  • 16.03.2023

 

Соңғы жылдары ұстаз мәртебесі туралы жиі айтылып жүр. Дегенмен, ара-тұра педагогтардың мәртебесінің аяқ асты болып жататыны жасырын емес. Ұстазға дауыс көтеріп, тіпті жағасынан алатын оқушыларды да көріп қаламыз. Мұғалімнің қадір-қасиеті мен ұлылығын білмейтін қоғамда өмір сүріп, мұғалім дәрежесі аяққа тапталып жатқандай күй кешесің. «Тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың қас жауы», -  деген Әл-Фараби. Оқушының  Әй дейтін әжесі - смартфонға, қой дейтін қожасы - интернетке айналып кеткендей әсер етеді. Расында біз мұғалімнің қадірін қашан қашырып алдық? Мұғалімдік мамандыққа ат үсті қарап оқыған маманнан ба, әлде білікті жақсы оқыған оқушылар мұғалімдікті таңдамауынан ба?

Қазақстанда 2018 жылы TALIS ( Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) халықаралық сабақ беру мен оқыту зерттеуі)  зерттеу жүргізді. Бұл зерттеуде 70-тен аса мемлекет бар,  Қазақстан бірінші рет қатысқан.  Ол мұғалімдер мен мектеп директорларын, білім беру ошақтарын зерттейтін әлемдегі ең ауқымды жоба. Зерттеу нәтижесінде еліміздегі мұғалімдердің 75 пайызын әйел адамдар құрайды, орташа есеппен алғанда 27 пайызы  50 жаста және 50 жастан асқан мұғалімдер. Ал, ер адамдардың мұғалімдік мамандығын өте аз таңдағанын көрсеткен, яғни, бұл жерден гендерлік баланстың дұрыс сақталмауын көруге болады. Бұл дегеніміз Қазақстан таяудағы он жылдықта мұғалімдер құрамының төрттен бір бөлігін жаңарту қажет екендігін айқындайды. TALIS-ке қатысқан Қазақстандық мұғалімдердің 42 пайызы сабақта тәртіп бұзатын оқушыларды жиі тыныштандыруға тура келетінін айтқан. Шет елдердің көбінде бастауыш сыныпта әйел мұғалімінің, ал жоғарғы сыныптарда ер мұғалімдердің сабақ беруін құптайды, бұл да бір тәртіп пен тәрбиесіздіктің алдын алуға көмекші құрал ретінде қарастылады.

 Мектепке келетін мұғалімдердің сапасы қандай? Мысалға Корей мемлекетінде мұғалімдікке  түлектердің ең үздігі, таңдаулылары ғана лайық саналған білімділері, оның ішінен іріктегенде  20 пайызы ғана жіберіледі. Ал бізде керісінше, ең төменгі балл жинаған оқушы мұғалімдікті оңай таңдай алады. Бұл жоғарғы оқу орындарындағы педагогикалық принціптерді өзгертуге алып келуі керек  деген ой тудырады, яғни үздіктерді ғана іріктеу керектігін көрсетеді. Яғни, жоғарғы оқу орындарында сапалы маман даярдауға алып келетін жағдау тудыру керек, келешек мұғалімге  ата-анамен, оқушымен дұрыс қарым қатынас құруды университет қабырғасынан үйрету, мұғалімдік міндет пен құқықтарын толық қанды меңгеріп шығуы керек.

Туа сала смартфон мен гаджеттің тарбиесіне өтетін қоғамда өсіп келе жатқан ұрпаққа отбасындағы  тәлім-тәрбиеніңде алатын орны орасан зор. Отбасындағы ұстаз туралы әігіменің дұрысталуы бала тәрбиесіне әсер етеді. Осы орайда 2019 жылы «ұстаз мәртебесі» туралы заң қабылданған болатын. Ол заңның мұғалімдерге тиімділігі – олар нормативтік құжаттармен дұрыс жұмыс жасай алады. Құжатта мұғалімнің міндеті, құқықтары, мұғалімге қойылатын талаптары нақты көрсетіледі. Сол арқылы мұғалім оқушыға не береді, нені үйрету керек, қалай үйрету керектігі нақты анықталып көрсетілген. Ұстаз абыройын қолға алып қорғағандай болдық. Заң шыққалы бері не өзгерді? Ұстаздардың жалақысын өсірді, қағазбастылық азайды, әр ұстазға берілетін сағат саны 16-18 ге қысқарып, жүктемелерін азайтты.

Әр жыл сайын мұғалімдерге арналған мемлекеттік бағдарлама – біліктілікті арттыру курстары қолға алынып жатыр. Бұл ұстаздардың жетілуіне, білімін шыңдауына, біліктіліктерін арттыруға, жаңа заманға сай техноголиялармен сабақ өтуіне ықпал жасайды.

 Дегенмен әлі күнге мұғалімдер қағазбастылықтан құтылды дей алмаймыз, баяғы есеп сол есеп. Ал 18-25 жыл тәжірибесі бар мұғалімдерге бұл жаңашылдық қалай әсер етеді, жоғарыда атап кеткендей елімізде 50 жастан асқан мұғалімдер саны өте көп, олардың жаңа жобаларға, жаңартылған оқу үлгілеріне толыққанды үйренісіп кетуіне де біраз уақыт кететінін ескерсек, ол да бір мәселе болып қарастырылуы керек.

 Ұстазға  мәртебені заң, құзырлы орган немесе  құжатпен берілетін, не сатып алынатын зат емес, ол таза адал еңбекпен, біліммен, біліктілікпен оқушы алдындағы ұстаздық тәліммен келетін игі жол. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп, Абай айтпақшы, ұстаз болу да, ұстаздық ұстам да келешек ұрпақтың білімді болуына, болшағына апарар үлкен көпір. Қазіргі елімізде масштабты түрде жүріп жатқан реформалардың барлығының түпкі мақсаты осындай кем-кетіктердің орнын толтыру екені даусыз. Сондықтан, елімізде «өзінің уақытын аямайтын, өзгенің бақытын аялайтын» ұстаздардың мәртебесі күннен күнге өсе береді деп сенуге болады.

 

Байланысты жаналықтар

Доллар бағамы тағы өсті

16.04.2025

Бәрі сотталады: шетелдегі соғыстарға қанша қазақстандық қатысқан?

16.04.2025

Әлемде мұнай бағасы тағы да құлдырап жатыр

11.04.2025

Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады

03.04.2025

Қазақстанда бай адамдар кімдер? Forbes тізімі жаңартылды

02.04.2025

Декрет демалысындағы әйелдердің төлемі қысқартылды

01.04.2025
MalimBlocks
Доллар бағамы тағы өсті

Қазақстанда доллар қайтадан қымбаттап жатыр

Бәрі сотталады: шетелдегі соғыстарға қанша қазақстандық қатысқан?

1 сәуірде желіде Украинаға қарсы соғысқа қатысқан 660-тан аса қазақстандықтың аты-жөні бар тізім пайда болды. ҚР ІІМ бұл ақпарат расталмағанын айтып, тексеруді талап ететінін мәлімдеді. Tengrinews.kz редакциясы бұл мәселе бойынша ашық деректерді зерттеген

Әлемде мұнай бағасы тағы да құлдырап жатыр

Brent маркалы мұнайдың бір баррелінің құны 63 долларға дейін түсті

Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады

Қазақстан Ұлттық банкі алаяқтар мессенджерлерде жалған немесе пайдаланушылардың бұзылған дербес аккаунттарын пайдаланатын схемалар туралы ескертеді

Қазақстанда бай адамдар кімдер? Forbes тізімі жаңартылды

Forbes журналы Forbes World’s Billionaires 2025 деп аталатын әлемдегі ең бай адамдардың жаңартылған рейтингін жариялады. Бұл тізімге жиынтық байлығы 38,8 миллиард долларға жеткен жеті қазақстандық бизнесмен кірді,

Декрет демалысындағы әйелдердің төлемі қысқартылды

Болашақ ана айына бірнеше миллион табыс тапса да, енді оның жәрдемақысы ең көп дегенде 595 мың теңге кіріске қарай есептеледі