Виктор Орбанның Ресейге сапары Еуропа үшін неліктен "қолайсыз"?
Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанның Ресейге барған сапарынан кейін Еуропалық Одақ Будапештте өтуі тиіс Сыртқы істер министрлерінің конференциясына бойкот жариялауды қарастырып отыр.
Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан Ресейге барған сапарынан кейін Еуропа елдері тарапынан кейін сынға ұшырады, деп хабарлайды Malim.kz.
Виктор Орбан 2-8 шілде аралығында Украина, Ресей және Қытайға ресми сапармен барып, мемлекет басшыларымен Украинадағы соғысты тоқтату туралы мәселені талқылаған. 12 шілдеде ол АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трамппен арнайы кездесті. Орбан сайлауда Трапм жеңіске жеткен жағдайда 24 сағат ішінде соғысты тоқтатады деп бірнеше рет мәлімдеді.
Politico басылымының жазуынша, жыл соңына дейін ЕО ротация Кеңесіне төрағалық ететін Венгрия 28-29 тамыз күндері Еуропалық сыртқы істер министрлерінің кездесуін өткізуге ниетті.
Басылым ЕО СІМ басшыларының Венгрияда өтуі тиіс конференциядан бас тарту туралы шешімін бұған дейін Орбан Ресейдің қарулы агрессиясынан қорғанатын Украинаға еуропалық көмекке кедергі келтіргенімен, сондай-ақ, Ресей мен Қытайға Еуропалық Одақтың басқа мүшелерімен келіспеген сапарлағанымен байланыстырып отыр. Ал Орбанның өзі бұл сапарларын "Бейбіт миссия" бағытында деп атаған.
Бойкот жоспарымен таныс еуропалық дипломаттар Politico-ға Венгриядағы конференция күндері еуропалық дипломатия басшысы Жозеп Боррель ЕО СІМ басшыларын "ресми" кеңеске шақыратынын айтты.
"Егер сол күні жоғарғы өкіл (Боррель) ұйымдастырған ресми Сыртқы істер кеңесі өтетін болса, онда кейін Министрлер Будапештке бара алмайды", - деді дипломаттардың бірі.
Тағы бір дипломат Будапешттегі кездесуге бойкот жариялау кезінде Еуропа елдерінің министрлері "Венгрия ЕО атынан сөйлемейтіні туралы нақты белгі жібергісі келетінін" атап өтті. Politico мәліметтері бойынша, бойкот жоспары ЕО-ның бірқатар елдерімен, соның ішінде Франция мен Германиямен бейресми түрде талқыланған. Ал 17 шілдеде Баррель командасы оны ЕО-ның барлық 27 тұрақты өкіліне ұсынбақ.
Politico басылымы Еуропалық Одақ басшылары Орбанды Владимир Путинмен кездесуіне байланысты сынға алғаны туралы мысалдар келтіреді. Украина президенті Владимир Зеленский өз кезегінде Орбанның бітімгер ретіндегі әрекетін жоққа шығарып, "барлық көшбасшылар бірдей келіссөздер жүргізе алмайды" деп баса айтты. Зеленский соғысушы тараптар арасындағы делдал рөлін тек АҚШ, Қытай және Еуропа Одағы атқара алатынын мәлімдеді.
Фото: dw.com