Вируспен әлемді тоқырауға ұшыратқан Қытайда жаңа дағдарыс басталғалы тұр

Елнұр Бақытқызы

  • 22.09.2021

Қытайдағы Evergrande Real Estate немесе Heng Da Group девелоперлік компаниясы қарызға батып, құлаудың сәл-ақ алдында тұр. Көп жыл бойы құйрықты жұлдыздай өрлеген активтерімен бірге Evergrande-тің қарызы да өскен. Сондықтан бұл компанияның құлауы Қытай экономикасына әсер етпек. Сарапшылар Қытайдың алып экономикасы дағдарысқа ұрынса,  бүкіл әлем экономикасын құлдырауы мүмкін екенін болжап жатыр.

Evergrande неліктен дағдарысқа ұшырады?

Evergrande – Қытайдағы екінші ірі девелоперлік компания. Қытайдың 280-нен астам қаласында 1300-дей құрылыс жобасы бар.  2020 жылы активтері 41 миллиард долларға бағаланған компанияның қарызы бүгінде 300 миллиард доллардан асты. 

"Evergrande-тің драмаға толы дағдарысы Қытайдағы бұдан да зор проблеманың көрінісі ғана. Қытайдың құрылыс секторының ішкі жалпы өнімдегі үлесі 29 пайыз, бір кездері Қытай экономикасының қозғаушы күші болған осы сектор бүгінде керісінше оның тежегішіне айналғалы тұр", - дейді Financial Times.

Financial Times-қа сұхбат берген Гонконгтағы Rhodium Group консалтинг компанясының директоры Логан Райт Қытайдың құрылыс нарығында үйлердің көптеп салынғаны сонша, қазір бос тұрған үйлерге 90 миллион адам сыйып кетеді дейді. Былайша айтқанда, Франция, Германия, Италия, Ұлыбритания мен Канада Қытайда бос тұрған үйлердегі пәтерлерге бүкіл халқын сыйдырып жібере алады.

"Тұрғын үй қорында 3 миллиард шаршы метр сатылмай тұр. Оған 30 миллион отбасы сыйып кетеді", - дейді Райт. Осылайша Қытайдағы бір отбасында 3 адам бар есептесек, бос тұрған үйлерге 90 миллион адамды қоныстандыруға болар еді.

Қытай билігі былтыр тұрғын үй нарығындағы осы проблемаға назар аударды. Осы нарықтағы жарылғалы тұрған көпіршік Қытай басшысы Си Цзиньпиннің де жүйкесіне тиген, сөйтіп, Пекин осы секторағы қарыз деңгейін  төмендету туралы шешім қабылдаған. Әлбетте, қарызға белшеден батқан Evergrande  алғашқы құрбан болмақ.

The Guardian басылымы да Evergrande Қытай билігінің алып экономиканы басқару тәсілін өзгерту саясатының құрбанына айналғанын жазады. Си Цзиньпин қолдан жоғарылатқан емес, нағыз ішкі жалпы өнім көрсеткішіне тырысып, былтыр "үш қызыл жолақ" енгізіп, қарыз алу  мүмкіндігін шектеді. Бұл ереже жылжымайтын мүлік секторын қарызды қысқартуға бағытталған.

Осылайша бұған дейін нарықта арзан жылжымайтын мүлік ұсынып, ликвидтілікті қамтамасыз етіп отырған Evergrande проблемаға ұрынды. Осы айда компания өз қызметкерлеріне жалақы мен бонус төлемеді. Компания акциясы осы айда 80 пайызға құлдырады. Рейтинг агенттіктері компанияның облигациялар құнын төмендетті.

Қытай экономикасына әсер қандай болмақ?

Evergrande Қытайдағы 171 банк пен 121 қаржы компаниясына ақша қарыз. Сондықтан компания толық дефолтқа ұшыраса, бұл Қытайдың банк жүйесіне әсер етеді. Оның артынша несие дағдарысы басталуы мүмкін.

Сарапшылар Evergrande-ден бөлек жалпы сомасы 1,86 трлн юаньге келісімшарт жасасқан тағы он девелоперлік компания да дағдарысқа ұрынуы мүмкін деп болжайды. Былайша айтқанда Evergrande проблеманың бергі жағы ғана.

Қытай билігі Evergrande-ті құтқармаса, бұл үлкен коллапсқа жол ашып, тұрғын үй нарығындағы көпіршік жарылуына соқтырады. Ал құтқарса, ірі қарызы бар өзге девелоперлерді де құтқаруға тура келуі мүмкін.

Lehman Brothers қайталана ма?

АҚШ-та Lehman Brothers-тің банкротқа ұшыруы 2008 жылғы әлемдік дағдарысқа әкеп соқтырғаны белгілі. Evergrande-нің құлауы әлем экономикасына дәл осылай әсер ете ме?

Сарапшылар бұл сұраққа кесімді жауап айта алмайды. Lehman Brothers-тің құлауы әлемдік дағдарысқа жол ашатынын 2008 жылы ешкім болжаған жоқ.

Barclays сарапшылары Evergrande дефолты жылжымайтын мүлік секторына қатты әсер етсе де, Lehman Brothers дағдарысы қайталанбайды дейді.

Бірақ CNBC-ге сұхбат берген Rockefeller Global Family Office инвестициялық директоры Джимми Чанг дағдарыс толқыны Қытай аумағынан шығып, бүкіл әлемге таралады деп болжайды. Evergrande-нің 20 миллиард долларға жуық облигацияларын ұстайтын шетелдік компаниялар да банкротқа ұшырауы ықтимал.

Қытайдың да, шетелдің де сарапшылары Evergrande әне-міне құлайды деп есептейді. Өйткені компания қарызын қайтара алмай, міндеттемесін орындай алмай қалады. UBS-тің Қытай ойынша сарапшысы Тао Ван бұл процесті дұрыс реттесе, бұл керісінше Қытай экономикасына жаңа серпін беруі мүмкін дейді.

Ал Nomura инвестициялық банкінің бас экономисі Тинг Лу Financial Times-қа берген сұхбатында Evergrande проблемасы экономикалық дағдарысқа ұрындырады деп есептемейтінін жеткізді. Алайда Қытайдың басқа экономикалық модельге өтуі ол елдің экономикасын тежеуі мүмкін.  Сарапшылар 2025-2030 жылдар аралығында Қытай экономикасы 4 пайызға не одан да төмен түсуі мүмкін дейді. 2000-2009 жылдар аралығында Қытай экономикасы жыл сайын 10 пайыздық өсім көрсеткен. 2010-2019 жылдары экономика төмендесе де, ішкі жалпы өнім 7,68 пайызға өскен.

PS. China Evergrande Group облигациялар бойынша пайыз төлемін ертең, 23 қыркүйекте жасайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ компания офшор доллар облигациясы бойынша 85,53 млн доллар сомасына тең купонды төлеуі тиіс. Алайда Evergrande оны төлейтінін-төлемейтінін ашып айтпады.

Фото: EPA

Байланысты жаналықтар

Қыркүйектің басынан елімізде 7 әскери қызметші мерт болды - журналист

14.10.2024

Халықаралық деңгейде ынтымақтастық нығайып келеді

27.09.2024

Президент жүктеген міндет. Қорғаныс саласындағы нәтижелі қадамдар

16.09.2024

Украинаға уәде етілген F-16 ұшақтарының алғашқы легі жеткізілді

05.08.2024

Ресей мен АҚШ сотталғандарды алмасу бойынша бірнеше адамды түрмеден босатты

02.08.2024

Зеленский Ресейдің екінші бейбіт саммитке қатысуы туралы айтты

01.08.2024
MalimBlocks
Қыркүйектің басынан елімізде 7 әскери қызметші мерт болды - журналист

Халықаралық деңгейде ынтымақтастық нығайып келеді

Алты мемлекеттің арнаулы операциялар күштері әріптестік, практикалық іс-қимылдарды пысықтады

Президент жүктеген міндет. Қорғаныс саласындағы нәтижелі қадамдар

Заңның қатаң сақталуы, оны қадағалау, темірдей тәртіпке бағыну сынды ерекше міндеттер жүктелді

Украинаға уәде етілген F-16 ұшақтарының алғашқы легі жеткізілді

Шілде айының соңғы күнінде Украинаға Ресей шабуылынан қорғану үшін АҚШ-тан уәде етілген 79 F-16 истрибелдерінің алғашқы он данасы жеткізілді. Биыл Украина тура осындай тағы 20 ұшаққа қол жеткізбек. Ал олардың қалған бөлігі 2025 жылы елдің қорғаныс саласына беріледі деп күтіліп отыр.

Ресей мен АҚШ сотталғандарды алмасу бойынша бірнеше адамды түрмеден босатты

Президент Байден мақұлдаған алмасу барысында Ресейде түрмеде отырған журналист Эван Гершкович пен Алсу Құрмашева, саясаткер Владимир Қара-Мырза және теңіз жаяу әскерінде бұрын қызмет еткен Пол Уилан бостандыққа шыққан.

Зеленский Ресейдің екінші бейбіт саммитке қатысуы туралы айтты

Ресейді Украинадағы жағдайды реттеуге арналған екінші бейбіт саммитке қатысуы тиіс. Себебі, жағдайды реттеуді әлемнің көптеген елдері қолдап отыр. Бұл туралы Украина Президенті Владимир Зеленский фрациялық журналистерге берген сұқбатында айтты.