Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Анасына видео жіберіп үлгерген". Екібастұзда 9-сынып оқушысы іздестіріліп жатыр

Оқиға
"Анасына видео жіберіп үлгерген". Екібастұзда 9-сынып оқушысы іздестіріліп жатыр

Екібастұзда түнде жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен оқушы іздестірілуде. Павлодарлық еріктілер жоғалған 9-сынып оқушысына қатысты ақпарат жариялады. Іздеу жұмыстарына полицейлер, құтқарушылар және өңір тұрғындары қатысып жатыр.

"Полицияға 2009 жылы туған 9-сынып оқушысы Тамерлан Алданышұлы Өмірбаевты іздеуге көмек сұрап, туыстары жүгінген. Кәмелетке толмаған бала 22 қарашада түнгі сағат үш шамасында Әуезов көшесі, 157 мекенжайындағы үйден шығып кетіп, қайта оралмаған", - деп хабарлады Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жасөспірімнің бойы – 170-180 сантиметр, орта денелі, шашы қою қоңыр, көзі қоңыр, сол жақ бетінде қал бар. Үстінде ашық қоңыр-қара күрте, қара джинсы, бас киім және кроссовка болған. Жанында ұялы телефоны болған.

"Жоғалған түні оқушы теміржол бойымен кетіп бара жатқанын видеоға түсіріп, анасына жіберген. Осыдан кейін анасы полицияға жүгінген", - деді VITA іздеу жасағының жетекшісі Екатерина Кудрявцева.

Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жасөспірімді іздеуге республикалық "Қыс-2024" командалық-штабтық оқу-жаттығуларына қатысып жатқан өңірдің ТЖД елеулі күштері мен техникалары жұмылдырылған. 

Фото: instagram.com/dp_pavlodar  

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу