Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Әнші Қазыбек Құрайыш 12 млн теңге шығынға ұшырады

Шоу-бизнес
Әнші Қазыбек Құрайыш 12 млн теңге шығынға ұшырады

Жастар арасында кең танымал әнші және сазгер Қазыбек Құрайыш түсірілім барысында күтпеген қиындыққа тап болғанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Әншінің айтуынша, клипке жұмсалған 12 миллион теңге мен екі айлық еңбек зая кеткен.

«12 млн тг кетті. Мәселе ақшада да емес, біраз еңбек пен 2 ай уақыт сарп еттік. Соңында 50% материал күйіп, клиптың сюжетін толық жоғалтып алдық. Ең керекті моменттерінен кадрларымыз жоқ», — деп жазды Қазыбек әлеуметтік желіде.

Әнші басты рөлді сомдаған актерлер мен командасына алғыс айтып, жағдайды сабырмен қабылдағанын жеткізді.

«Өз басым жүректен жіберіп тастадым. Әніміз 24 қазанда барлық платформаларда жарық көреді. Бірақ клипсіз бе, әлде сол күйі салып жіберейін бе?» — деп оқырмандарынан кеңес сұрады.
Фото: әншінің жеке парақшасынан

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу