Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақмарал Науатбекке үш бөлмелі пәтер сыйға берілді

Спорт
Ақмарал Науатбекке үш бөлмелі пәтер сыйға берілді

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Парижде өткен жазғы Паралимпиада ойындарынан жүлдемен оралған елордалық спортшыларды және олардың бапкерлерін марапаттады, деп хабарлайды Malim.kz.

Астана әкімі дзюдодан Қазақстан тарихындағы тұңғыш Паралимпиада чемпионы атанған Ақмарал Науатбекке 3 бөлмелі пәтердің сертификаты мен 30 миллион теңге ақшалай сыйақы табыстаған. Ал спортшының жаттықтырушысы Айдын Анапинге 10 миллион теңге берілген.

Сонымен қатар пара дзюдодан күміс жүлде иеленген Ерғали Шәмейге 2 бөлмелі пәтердің сертификаты мен 25 миллион теңге ақшалай сыйақы, ал оның жаттықтырушысы Дәурен Оразовқа 7 миллион теңге табыс етілді.

Жеңіс Қасымбек ақшалай сыйақы демеушілер тарапынан берілгенін мәлімдеді.

Фото: Астана қаласының әкімдігі

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу