Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақмола облысында есірткінің ірі зертханасы жойылды

Құқық
Ақмола облысында есірткінің ірі зертханасы жойылды

ҰҚК Ақмола облысы бойынша департаменті қыркүйекте Ерементау ауданында прокуратура органдарының үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндірісіне қатысты жасырын зертхананың әрекетін тоқтатқан, деп хабарлайды Malim.kz.

Комитет мәлімдеуінше, күдікті есірткі затының кезекті партиясын дайындап жатқан кезінде ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынған.

Одан 7 келіге жуық «мефедрон» психотропты заты, 100 литрден астам прекурсор, сондай-ақ, синтетика жасауға арналған зертханалық жабдықтар тәркіленген.

Қазір оған қатысты Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.

Фото: ҰҚК

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу