Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақмола облысында мектеп әкімшілігі шатыр жөндеуге 78 млн теңге жұмсамақ болған

Оқиға
Ақмола облысында мектеп әкімшілігі шатыр жөндеуге 78 млн теңге жұмсамақ болған

Ақмола облысында прокуратура 78 млн теңге сомасындағы мемлекет қаражаты заңсыз жұмсалуына жол бермеді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Қаланың білім беру мекемесі 78 млн теңге сомасына бюджет қаражаты есебінен шатыр жөндеуді жоспарлаған.

Алайда қала прокуратурасы мектеп бір жарым жыл бұрын ғана пайдалануға берілгенін және кепілдік қызметінде тұрғанын анықтады.

"Барлық жөндеу жұмысы мердігер есебінен жүргізілуге тиіс. Прокуратура енгізген қадағалау актінің нәтижелері бойынша мемлекеттік сатып алудың күші жойылды, кінәлі адамдар заңмен белгіленген жауапқа тартылды, ал тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаты басқа да әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталды", - деп жазылған хабарламада.

Прокуратура мәліметінше, осы бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.

Фото: Pixabay.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу