Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақмола облысында мектеп есепшісі 2,8 млн теңге жымқырған

Қоғам
Ақмола облысында мектеп есепшісі 2,8 млн теңге жымқырған

Ақмола облысы Бородулиха ауданының прокуратурасы бюджет қаражатын ұрлау фактісін анықтады, деп хабарлайды Malim.kz.

Прокуратура мәліметінше, есепші мектеп директорының электронды цифрлық қолтаңбасын пайдаланып, 2,8 млн теңгені жеке шотына аударған.

Аталған факті бойынша аудан прокуратурасы ҚР ҚК 189-бабының 2-бөлігі 3-тармағы («Өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу, яғни жымқыру») бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастап, материалдарын экономикалық тергеу қызметіне жолдады, – делінген хабарламада.

Қазір бұрынғы есепші заңмен белгіленген жауапкершілікке тартылды.

Фото: 2day.kh.ua

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу