Көкшетау қаласында жеке тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды Malim.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, тілсіз жаудың тұтануына найзағайдың түсуі себеп болған.
Оқиға туралы хабар түскеннен кейін ТЖМ қызметкерлері дереу оқиға орнына жетіп, өртті сөндіруге кірісті. Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекетінің нәтижесінде жалынның жақын маңдағы ғимараттарға таралуына жол берілмеді.
Өрт 120 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Мамандардың кәсіби жұмысының арқасында ірі материалдық шығынның алдын алып, көршілес нысандар өрттен аман қалды.