Төтенше жағдайлар министрі Чингис Ариновтың атынан Ерлан мен Мирас Токсанбаевтарға «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалі табысталды, деп хабарлайды Malim.kz.
Министрлік мәліметінше, марапаттау рәсімі Ақмола облысы ТЖ департаментінде өтті. Біржан Сал ауданының Үлгі ауылының тұрғындары — әке мен бала Ерлан және Мирас Токсанбаевтар өртеніп жатқан үйден үш баланы аман алып шығып, екі газ баллонын сыртқа шығарған.
Сондай-ақ осы оқиға кезінде інісін оттан бірінші болып алып шыққан Злата Черкасская да дәл осы медальмен марапатталды.
Фото: ТЖМ