Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақмола облысында құтқарушылар балаларды пәтерден аман алып шықты

Қоғам
Ақмола облысында құтқарушылар балаларды пәтерден аман алып шықты
Фото: ТЖМ

Ақмола облысының Щучинск қаласында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшесіне көпқабатты тұрғын үйдегі пәтердің есігін ашуға көмек сұраған шақырту түсті, деп хабарлайды Malim.kz.

Пәтер иесі есік ілмегінің кептеліп қалуына байланысты дәретхана бөлмесінде қамалып қалып, өздігінен шыға алмаған. Сол сәтте пәтерде кәмелетке толмаған балалар болған.

Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ қызметкерлері үш буынды сатыны пайдаланып, екінші қабаттағы терезе арқылы пәтерге кірді. Нәтижесінде әйел мен балалар аман-есен құтқарылды, ешкім зардап шеккен жоқ.

 ТЖМ ескертеді: балаларды тіпті қысқа уақытқа да қараусыз қалдырмаңыз.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу