Ақмола облысындағы Бестөбе кенішінде екі ер адам үйінді астында қалып, қаза тапты, деп хабарлайды Malim.kz.
Полицияның мәліметінше, марқұмдар 38 және 21 жаста болған.
Оқиға орнына полиция мен құтқарушылар жедел жетіп, құтқару жұмыстарынан кейін мәйіттер жер бетіне шығарылды.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 269-1-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Бейресми мәліметке сәйкес, қаза тапқандар компания қызметкерлері болмаған.