freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақмола облысында синтетикалық есірткі жеткізу арнасы тоқтатылды

Қоғам
Ақмола облысында синтетикалық есірткі жеткізу арнасы тоқтатылды
Фото: ІІМ

Ақмола облысында полиция заңсыз айналымнан 30 млн теңгенің синтетикалық есірткісін тәркіледі, деп хабарлайды Malim.kz.

Полиция қызметкерлері ірі есірткі сатушының қызметін тоқтатып, заңсыз айналымнан синтетикалық есірткілер партиясын тәркіледі. Алынған есірткінің құны қара нарықта шамамен 30 млн теңгені құрайды.

Тексеру барысында Ақмола облысының 47 жастағы тұрғыны тыйым салынған заттарды сақтап, оларды буып-түюмен айналысқаны анықталды.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде есірткімен күрес полицейлері күдіктіні облыс орталығының аумағында ұстады. Автокөлікті тінту кезінде психотроптық заты бар екі полиэтилен пакет табылып, тәркіленді.

Сонымен қатар тергеу іс-қимылдары барысында күдікті Көкшетауға синтетикалық есірткінің ірі партиясын жеткізгені анықталды, оны шағын дозаларға бөліп, одан әрі тарату үшін жеткізуші-курьерлерге беруді жоспарлаған.

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды, қылмыстық әрекеттің барлық мән-жайы және ұсталған адамның ықтимал сыбайластары анықталып жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу