freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақмола облысында жол апатынан бес адам қаза тапты

Қоғам •
Ақмола облысында жол апатынан бес адам қаза тапты

Ақмола облысында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Жол апаты "Екатеринбург-Алматы" автожолының 1 099 шақырымында болған.

28 сәуір күні сағат 23:51 шамасында Астрахан ауданы Жалтыр ауылының маңында Атбасар қаласы бағытында келе жатқан Жарқайың ауданының 29 жастағы тұрғынының басқаруындағы Mercedes-Benz Е200 маркалы автокөлік пен Жақсы ауылынан Астана қаласы бағытында келе жатқан ВАЗ - 2107 маркалы автокөлік соқтығысты, - деп хабарлады Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Апат салдарынан оқиға орнында 5 адам қаза тауып, 2 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды.

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Фото: Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу