Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақмолада мас болып төбелескені үшін әкім қызметінен қуылды

Қоғам
Ақмолада мас болып төбелескені үшін әкім қызметінен қуылды

Ақмола облысы Целиноград ауданы прокуратурасының шараларымен ауыл әкімі мемлекеттік қызметтің беделін түсіргені үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Целиноград ауданының прокуратурасымен тіркелген қылмыстар мен оқиғалардың жедел есебін талдау барысында лауазымды тұлғамен мемлекеттік қызметке кір келтіретін әрекетті жасау фактісі анықталды.

Қоғамдық орында масаң күйде бірнеше адам арасында жанжал туындап, нәтижесінде бір-біріне дене жарақатын салғаны анықталды. Аталмыш факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды.

Аудан прокуратурасының актісі негізінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның Әдеп жөніндегі кеңесінің шешімімен тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін Қабанбай батыр ауылдық округ әкімі қызметінен босатылды.

Фото: pixels

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу