Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

АҚШ барлауы: Путин әлі де Украинаны толық басып алуға ұмтылады

Әлем
АҚШ барлауы: Путин әлі де Украинаны толық басып алуға ұмтылады
Фото: Gavriil Grigorov/REUTERS

АҚШ барлау қызметінің бағалауынша, Ресей президенті Владимир Путин бейбіт келісімге дайын екені жөніндегі жария мәлімдемелеріне қарамастан, Украинаның бүкіл аумағын бақылауына алуды көздеп отыр, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Reuters агенттігімен сөйлескен алты дереккөздің айтуынша, АҚШ барлау құрылымдары Путиннің Мәскеудің ықпалын Латвия, Литва және Эстонияға – бұрын КСРО құрамында болған Балтық елдеріне қайта орнатуды да жоспарлауы мүмкін деп есептейді. Дереккөздердің бірінің мәліметінше, бұл жөніндегі соңғы барлау есебі қыркүйек айының соңында дайындалған.

Аталған бағалаулар АҚШ президенті Дональд Трамп пен оның келіссөз жүргізушілерінің Путин соғысты аяқтауға мүдделі деген жария мәлімдемелеріне қайшы келеді. Сондай-ақ, бұл Ресей президентінің «Мәскеу Еуропаға қауіп төндірмейді» деген сөздерімен де сәйкес келмейді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу