АҚШ Энергетика министрлігіне қарасты Sandia зертханасының хабарлауынша, F-35 жойғыш ұшағы Невада штатындағы Тонопа полигонында B61-12 үлгісіндегі ядролық бомбаларды (соғыс бөлігінсіз) тастап сынақтан өткізді, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.
Сынақтар 19–21 тамыз аралығында ядролық арсеналдың сенімділігін жыл сайын бағалау және ұшқыштарды даярлау мақсатында ұйымдастырылған. 2024 жылы B61-12 бомбаларының қызмет ету мерзімі қосымша 20 жылға ұзартылған.
14 қарашада АҚШ президенті Дональд Трамп елдің ядролық қару сынақтарын «өте жақын уақытта» қайта бастау ниетін растады, бірақ егжей-тегжейлі ақпарат берген жоқ. Ол сонымен қатар денуклеаризацияны қолдайтынын айтып, бұл мәселеге қатысты Ресей және Қытай басшылығымен кездесу өткізгісі келетінін мәлімдеді. Трамптың сөзінше, аталған мемлекеттер 4–5 жыл ішінде АҚШ ядролық әлеуетіне жақындай алады.