freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

АҚШ Иранға жаңа соққылар жасады: Ормуз бұғазы жабылып, Таяу Шығыстағы жағдай күрт шиеленісті

Әлем
АҚШ Иранға жаңа соққылар жасады: Ормуз бұғазы жабылып, Таяу Шығыстағы жағдай күрт шиеленісті
Фото: AFP VIA GETTY IMAGES

Таяу Шығыстағы ахуал қайтадан күрт шиеленісті, деп хабарлайды Malim.kz BBC-ге сілтеме жасап.

АҚШ әскері соңғы бір аптада Иран аумағына үшінші рет соққы жасап жатқанын мәлімдеді. Вашингтон мұны Ормуз бұғазы арқылы өткен Кипр туы астындағы кемеге жасалған шабуылға жауап деп түсіндірді.

АҚШ Орталық қолбасшылығының (CENTCOM) мәліметінше, Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы (КСИР) аталған кемеге шабуыл жасаған. Пентагонның хабарлауынша, соққы салдарынан кеменің қозғалтқышы істен шығып, қозғалысын жалғастыра алмаған. Экипаждың бір мүшесі із-түзсіз жоғалған.

Өз кезегінде КСИР кеменің транспондерін өшіріп, заңсыз бағытпен жүргенін және кеме қатынасына қауіп төндіргенін мәлімдеді. Иран тарапы кемені «ескерту ретінде оқ атқаннан кейін» тоқтатқанын хабарлады.

Сонымен қатар Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы Ормуз бұғазын келесі хабарламаға дейін жабатынын мәлімдеп, АҚШ өңірдегі араласуын тоқтатпайынша бұғаз ашылмайтынын ескертті. Сондай-ақ КСИР АҚШ-тың әрекетіне «батыл жауап беретінін» және өңірдегі америкалық әскери базаларға қайта соққы жасайтынын айтты.

АҚШ шабуылдары туралы ақпараттан кейін Иран өңірдегі АҚШ одақтастарына қарсы жаңа шабуылдарды бастады. Біріккен Араб Әмірліктерінің Қорғаныс министрлігі әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері зымырандар мен дрондардан төнген қауіпке тойтарыс беріп жатқанын хабарлады.

Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, жарылыстар Катар астанасы Дохада да естілген. Билік тұрғындарға үйлерінен және қауіпсіз орындардан шықпауға кеңес берді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу