freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

АҚШ-қа қысым: Иран Ормуз бұғазын бақылауда ұстамақ

Әлем
АҚШ-қа қысым: Иран Ормуз бұғазын бақылауда ұстамақ
Фото: Modis Team/Nasa Gsfc/ZUMA/IMAGO

АҚШ барлау қызметі Иран жақын уақытта Ормуз бұғазын ашпайды деген қорытындыға келген, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Барлау деректеріне сәйкес, әлемдегі мұнай экспортындағы ең маңызды бағыттардың бірі саналатын Ормуз бұғазына бақылау жасау – Тегеран үшін АҚШ-қа ықпал етудің негізгі құралы болып отыр.

Дереккөздердің мәліметінше, Иран энергия тасымалдаушылар бағасын жоғары деңгейде ұстап тұру және АҚШ президенті Дональд Трампқа қысым көрсету үшін бұғаздағы кеме қозғалысын шектеуді жалғастыруы мүмкін.

Сонымен қатар барлау есептерінде Иранның әскери әлеуетін әлсіретуге бағытталған соғыс кері әсер беруі ықтимал екені айтылған. Мұндай жағдайда Тегеран стратегиялық маңызы зор мұнай тасымалы өтетін теңіз жолын бақылау арқылы аймақтағы ықпалын күшейте алады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу