Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

АҚШ Қазақстанның сәлемдемесін қабылдамайтын болды

Саясат
АҚШ Қазақстанның сәлемдемесін қабылдамайтын болды

АҚШ Қазақстаннан сәлемдемелер қабылдауды уақытша тоқтатты. Бұл туралы «Қазпошта» АҚ мәлім етті.

«Қазпошта» АҚ АҚШ Шекара-кеден қызметінің 2025 жылғы 26 тамыздағы шешіміне байланысты АҚШ-тағы мекенжайға бағытталған сәлемдемелерді қабылдау және жеткізу уақытша тоқтатылатынын хабарлайды. Хаттар мен құжаттарды жіберу қалыпты түрде жалғасады, - делінген компания таратқан ақпаратта.

Таратылған мәліметке қарағанда, шектеуді америкалық тарап енгізді және ол көптеген елден келетін халықаралық пошта жөнелтілімдеріне қолданылады. Қазіргі кезде Дүниежүзілік пошта одағына мүше 192 мемлекеттің тек бесеуі ғана АҚШ-қа тауары бар сәлемдеме жібере алады.

- «Қазпошта» АҚ серіктестермен тұрақты байланыста және қызметті жылдам қалпына келтіру үшін белсенді келіссөздер жүргізіп жатыр, - деп атап өтеді компаниядан.

Фото:  qazpost.kz

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу