Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

АҚШ ресейлік «Лукойлға» салған санкциясын уақытша тоқтатты

Әлем
АҚШ ресейлік «Лукойлға» салған санкциясын уақытша тоқтатты
Фото: Joko/Bildagentur-online/picture allianсе

АҚШ Қаржы министрлігі Ресейден тыс аумақта орналасқан «Лукойл» жанармай құю бекеттерінің жұмысын жалғастыруға рұқсат берді, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Бұл шешім «тұтынушылар мен жеткізушілерге келетін залалды азайту» мақсатында қабылданып отыр. Рұқсат 2026 жылдың 29 сәуіріне дейін жарамды.

Ведомство санкциялық тізімге енгізілген «Лукойл» компаниясының Ресейден тыс автожанармай станциялары бойынша транзакцияларды жүргізуге мүмкіндік беретін жалпы лицензия шығарғанын мәлімдеді. Осылайша, 4 желтоқсан күні АҚШ ресейлік мұнай концерніне қатысты кейбір санкцияларды уақытша тоқтатты.

АҚШ Қаржы министрлігінің мәліметінше, Ресейден тыс орналасқан «Лукойл» АЖС-терімен транзакциялар АҚШ-тың шығыс уақыт белдеуі бойынша 2026 жылдың 29 сәуірі, 00:01-ге дейін (Мәскеу уақытымен 07:01) рұқсат етіледі. Вашингтон бұл шара «тұтынушылар мен жеткізушілердің қалыпты операцияларын» жеңілдету үшін қабылданғанын түсіндірді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу