Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

АҚШ-та федералдық агенттер ер адамды атып өлтірді

Әлем
АҚШ-та федералдық агенттер ер адамды атып өлтірді
AARON LAVINSKY/THE MINNESOTA STAR TRIBUNE

Миннеаполисте федералдық агенттер ер адамды атып өлтірді, қалада наразылық қайта күшейді, деп хабарлайды Malim.kz. BBC-ге сілтеме жасап. 
Оқиғадан кейін қалада қайтадан наразылық акциялары басталды. Бұл жағдай Иммиграция және кеден қызметі (ICE) қызметкерінің қолынан Рене Гуд қаза тапқан оқиғадан кейін араға үш аптаға жетпей орын алды.

Билік мәліметінше, қаза тапқан азамат — 37 жастағы Алекс Претти, АҚШ азаматы. Ол Миннеаполисте тұрған және ардагерлерге арналған жергілікті ауруханада медбике болып жұмыс істеген.

АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрлігі (DHS) марқұмның жанында тапанша болғанын және федералдық агенттер оны қарусыздандыруға тырысқан кезде қарсылық көрсеткенін мәлімдеді.

Алайда Миннесота штатының губернаторы Тим Уолз оқиға орнындағы бейнежазбалар бұл нұсқаның шындыққа жанаспайтынын көрсететінін айтты.

Миннеаполис мэрі Джейкоб Фрей баспасөз мәслихатында:

«Бұл операция аяқталуы үшін тағы қанша адам қаза табуы немесе ауыр жарақат алуы керек?» — деп мәлімдеді.

Өз кезегінде, АҚШ ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэм Фрей мен Уолзды сынға алып, оларды «заңды бұзған адамдардың жағына шықты» деп айыптады.

Ал АҚШ президенті Дональд Трамп Миннеаполис пен Миннесота билігін «бүлікке итермелеу» деп бағалады.

АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэм баспасөз мәслихатында Алекс Преттидің федералдық агенттерге 9 миллиметрлік жартылай автоматты тапаншамен жақындағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, қызметкерлер ер адамды қарусыздандыруға тырысқан сәтте ол агрессивті әрекет көрсете бастаған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу