Германияның өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері АҚШ президенті Дональд Трамп жариялаған қосымша кедендік баж салығы Германия мен Еуропалық одақтың экономикасына елеулі соққы беруі мүмкін деп алаңдайды, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.
АҚШ басшысы Данияның Гренландияға қатысты егемендігін қолдаған еуропалық елдерге қарсы енгізілетін 10 пайыздық баж салығын америкалық-еуропалық қатынастардағы «жаңа ең төменгі деңгей» деп бағалады Германияның Көтерме және сыртқы сауда федералдық бірлестігінің (BGA) төрағасы Дирк Яндура.
Оның айтуынша, Германия АҚШ тарапынан төнген қысымға қарамастан, Данияны қолдауды жалғастыра береді. Яндура қазіргі жағдайда Еуропалық одақ өз күшін көрсетуі тиіс, «жекелеген мемлекеттер америкалық мүдделердің айырбас құралына айналмауы үшін» деді.
Бұл пікірмен Германияның автомобиль өнеркәсібі бірлестігінің (VDA) басшысы Хильдегард Мюллер де келіседі. Оның сөзінше, қосымша баж салығынан туындайтын шығындар қазірдің өзінде күрделі жағдайда тұрған неміс және еуропалық өнеркәсіп үшін өте ауқымды болмақ.
Мюллер Берлин мен Брюссельді ойластырылған қарсы шаралар қабылдауға шақырып, шиеленісті ушықтыру «тек ұтылған тараптарды көбейтетінін» атап өтті.