freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтау атом комбинатында екі жұмысшының беті мен көзін қышқыл күйік шалды

Қоғам
Ақтау атом комбинатында екі жұмысшының беті мен көзін қышқыл күйік шалды
Фото: primeminister.kz

Ақтауда «МАЭК» ЖШС-де (Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты) болған оқиға салдарынан екі қызметкер зардап шекті, деп хабарлайды Malim.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, екі жұмысшы негізгі конденсаторды қышқылмен жуу жұмыстарын жүргізген. Тұз қышқылы ерітіндісі арнайы сорғы арқылы шлангпен берілген.

Жұмыс аяқталып, сорғы өшірілгеннен кейін шлангты шешу кезінде тұз қышқылы ерітіндісі шашырап кеткен. Соның салдарынан қышқыл тамшылары қызметкерлердің беті мен көзіне тиген. Олар дереу медициналық көмек көрсету үшін облыстық ауруханаға жеткізілді.

«Егер бұл оқиға ауыр немесе топтық жазатайым жағдай белгілері ретінде анықталса, тергеу мемлекеттік еңбек инспекторының қатысуымен арнайы тергеу түрінде жүргізіледі».

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу