Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтау маңынан ескі авиабомба табылды: Оқиға орнына саперлер шақырылды

Оқиға
Ақтау маңынан ескі авиабомба табылды: Оқиға орнына саперлер шақырылды
Фото: видеодан скрин

Маңғыстау облысында, Ақтаудан 39 шақырым қашықтықта, Сығынды мүйісі маңында жергілікті аңшы ескі, жарылмай қалған оқ-дәріге ұқсас зат тапты, деп хабарлайды Malim.kz Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Билік өкілдерінің мәліметінше, 15 желтоқсан күні шамамен сағат 10:00-де Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының «102» кезекші бөліміне күдікті заттың табылғаны туралы хабарлама түскен. Аталған затты аңшы жағалау сызығынан шамамен 200 метр қашықтықта, Ақтаудан 39 шақырым жерде тапқан.

Алдын ала деректер бойынша, табылған нысан коррозияға ұшыраған П-50-75 маркалы оқу-жаттығу авиациялық снаряды болып шыққан.

Оқиға орнына жедел түрде Түпқараған аудандық полиция қызметкерлері мен №25744 әскери бөлімінің саперлік тобы барды.

Аталған дерек белгіленген тәртіппен тіркелді. Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу