freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтауда экс-депутат артық майдан арылмақ болды: клиникадан кейін комаға түсіп, көз жұмды

Оқиға
Ақтауда экс-депутат артық майдан арылмақ болды: клиникадан кейін комаға түсіп, көз жұмды
Фото: instagram.com/mangystau_maslikhat

Ақтауда артық майдан арылғысы келген экс-депутат көз жұмды: дәрігер өлімге пластикалық ота емес, наркоздан кейінгі асқыну себеп болғанын айтты, деп хабарлайды Malim.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Ақтауда облыстық мәслихат депутаты болған Ербол Айтуов жеке клиникада жоспарланған пластикалық процедура алдында жағдайы күрт нашарлап, кейін қайтыс болды. Бұл туралы клиника өкілдері мәлімдеді.

49 жастағы Ербол Айтуов иек тұсына липосакция және мойын бұлшықеттерін тарту процедурасын жасатуды жоспарлаған. Алайда медициналық орталық өкілдерінің айтуынша, операция мүлде жүргізілмеген.

Клиниканың бас дәрігері Артур Тәжиевтің сөзінше, науқастың жағдайы наркоз енгізілгеннен кейін күрт өзгерген.

«Наркоз салынғаннан кейін операция бөлмесіне кіріп, мониторға қарадым. Қан қысымы 210-220-ға дейін көтерілгенін көрдім. Мұндай қысыммен операция жасауға болмайды. Әр адамның ағзасы наркозды әртүрлі қабылдайды», – деді «Қасиет» клиникасының бас дәрігері Артур Тәжиев.

Оның айтуынша, дәрігерлер бір сағат бойы науқастың жағдайын бақылағанымен, қан қысымы төмендемеген. Осыдан кейін жоспарланған процедураны тоқтату туралы шешім қабылданған.

«Бір сағат ішінде қысым түспеді. Осыдан кейін операция жасауға болмайды деген шешім қабылдадым», – деді дәрігер.

Алайда бірнеше сағаттан кейін Ербол Айтуовтың жақындарына оның жағдайының нашарлағаны туралы хабарланған. Кейін қан қысымымен қатар, қандағы қант деңгейі де күрт көтерілгені белгілі болған. Соның салдарынан ол инсульт алып, комаға түскен.

Ер адам бір ай бойы ес-түссіз жатқан. Алайда мамыр айының басында есін жимастан көз жұмды.

Марқұмның отбасы жағдайға қатысты күмән келтіріп отыр. Отбасының адвокаты денеге сараптама жүргізілмегенін айтып, өлімнің нақты себебін анықтау қажет екенін жеткізді.

«Айтуов қайтыс болғаннан кейін қылмыстық іс қозғалды. Ең алдымен оның комаға түсуіне не себеп болғанын, кейін өлімнің нақты себебін анықтау керек», – деді заңгер Алдирза Қуанышкереев.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша полиция тергеу жүргізіп жатыр. Ал бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі тексеру барысында бірнеше заңбұзушылық анықталғанын мәлімдеген еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу