Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтауда ер адам 11-қабаттан құлап қаза тапты

Оқиға
Ақтауда ер адам 11-қабаттан құлап қаза тапты

Ақтауда көпқабатты үйдің шатырынан құлаған жалаңаш ер адам оқиға орнында көз жұмды. Қайғылы жағдай 20 шілде күні таңғы сағаттарда, 5-ықшамауданындағы №22 үйде тіркелген, деп хабарлайды Malim.kz Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, ер адам 5G-антеннасына жармасып, шатырда тұрған. Оқиға орнына жедел қызмет өкілдері, соның ішінде өрт сөндірушілер келіп, автосатыны орнатқан. Алайда құтқарушылар жақындамақ болған сәтте ер адам төменге құлап кеткен.

Маңғыстау облыстық жедел жәрдем станциясының дерегінше, ер адамның алған жарақаты өлімге алып келген, ол жедел жәрдем жеткенге дейін көз жұмған.

Ол үйдің жанына салынған қосалқы құрылысқа құлаған.

Ер адам толықтай жалаңаш күйде болған

Төтенше жағдай қызметі автосаты арқылы көмек көрсетуге тырысқан.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, бұл дерек бойынша ҚР ҚК 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу») бойынша қылмыстық іс тіркелген.

«Ер адамның не себепті киімсіз күйде шатырға шыққаны және өзін ұстауға тырысқаны – анықталу үстінде», – делінген полиция мәлімдемесінде.

Фото: Lada.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу