freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтауда полицейлер көңіл көтеретін газды заңсыз сақтаудың жолын кесті

Оқиға
Ақтауда полицейлер көңіл көтеретін газды заңсыз сақтаудың жолын кесті
Бейнежазбадан скриншот

Ақтауда жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларының көмегімен өткізілген жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында Ақтау қаласының патрульдік полиция қызметкерлері Toyota Camry автокөлігін тоқтатып, тексеру жүргізді, деп хабарлайды Malim.kz.

Көлікті тексеру кезінде салоннан көлемі 10 литр болатын екі баллон табылған. Аталған баллондар азот тотығын, яғни халық арасында «көңіл көтеретін газ» немесе «Шарик Кумарик» деп аталатын затты пайдалануға арналған көрінеді. 

Аталған дерек бойынша Ақтау қаласының полиция басқармасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 301-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. 1996 және 1998 жылы туған екі күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды, - деп жазылған МО ПД баспасөз қызметінің ақпаратында. 

Қазіргі таңда қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу