Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының полицейлері есірткі жеткізу арнасының жолын кесті, деп хабарлайды Malim.kz.
Тергеу мәліметінше, 41 жастағы күдікті Жамбыл облысынан еліміздің батыс өңірлеріне марихуана жеткізуді ұйымдастырған. Есірткі жүк тасымалдау қызметі арқылы кәдімгі сәлемдеме ретінде жіберілген.
Күдікті Ақтауда сәлемдемені алып жатқан сәтінде ұсталды. Тексеру кезінде екі қапқа салынған жалпы салмағы 33,5 келіден асатын кептірілген марихуана тәркіленді.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.