freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтауда суға кеткен жасөспірімдерді куәгерлер құтқарып қалды

Қоғам
Ақтауда суға кеткен жасөспірімдерді куәгерлер құтқарып қалды
Ашық дереккөзден

Ақтау қаласында Каспий теңізінің жағасында шомылып жүрген екі жасөспірім суға батып кете жаздады. Оларды оқиға орнында болған куәгерлер құтқарып қалды, деп хабарлайды Malim.kz otpannews.kz-ке сілтеме жасап. 

Аталған оқиға Ақтаудың 4-шағынауданындағы жағалауда болған көрінеді. Теңізге түскен екі жасөспірім суға кету қаупіне ұшыраған екен. Мұны байқаған жағалаудағы адамдар дереу әрекет етіп, балаларды судан шығарып алған.

Оқиғаны видеоға түсірген жергілікті тұрғын тұрғындарға үндеу жасады.

«Шомылу маусымы басталды. Мына екі бала жаңа ғана батып кете жаздады. Біз әрең шығарып үлгердік. Сәл кешіккенде қайғылы жағдай болар еді. Бақытымызға қарай, бәрі жақсы аяқталды, балалар аман қалды», – деді ер адам бейнежазбада.

Мамандар өңір тұрғындары мен қонақтарына шомылу кезінде өз қауіпсіздігіне және балалардың қауіпсіздігіне аса мұқият қарау қажеттігін ескертеді. Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін сақтық шараларын қатаң сақтау қажет.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу