Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтөбе облысында бір үйден 21 атыс қаруы табылған (ФОТО)

Құқық
Ақтөбе облысында бір үйден 21 атыс қаруы табылған (ФОТО)

ҰҚК Ақтөбе облысы және Алматы қаласында анықталған заңсыз қару айналымы бойынша деректерін жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

ҰҚК мәлімдеуінше, биыл 28 маусымда ҰҚК Ақтөбе облысы бойынша департаменті жергілікті тұрғындардың бірінің үйін тінту кезінде 21 бірлік атыс қаруын, оның ішінде 2 Калашников автоматы, 8 тапанша, 11 мылтық, сондай-ақ жарық-шу гранатасын, түтін бомбаларын, рацияларды және түрлі калибрлі 581 оқ-дәріні тәркілеген.

Сол күні ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті де қару-жарақтың 2 жасырын орнын анықтаған. Онда гранатомет, Калашников автоматы, винтовка, 4 мылтық, 2 тапанша, түтін гранатасы және әртүрлі калибрлі 248 оқ-дәрі тәркіленген.

Іс-шаралар прокуратураның үйлестіруі және ішкі істер органдарымен өзара әрекеттестікте іске асырылған. Аталған фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 287-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Фото: ҰҚК

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу