freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты: 5 адам қаза тапты

Оқиға
Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты: 5 адам қаза тапты
Фото: видеодан кадр

Ақтөбе облысы Байғанин ауданына қарасты Қарауылкелді ауылының маңында жеңіл және жүк көліктері соқтығысты, деп хабарлайды Malim.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, «ВАЗ» маркалы автокөлік пен «DAF» жүк көлігі бетпе-бет келген. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен төрт жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Тағы бір жолаушы түрлі жарақатпен Байғанин аудандық орталық ауруханасына жеткізілді.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Полиция өкілдері жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдықты асырмауға және қауіпсіздік шараларын ескеруге шақырды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу