freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапты

Оқиға
Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапты
видеодан скриншот

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан бірнеше адам қаза болды, деп хабарлайды Malim.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеп. 

Апат бүгін Қарғалы ауданында болды.

Алдын ала мәлімет бойынша, Ақтөбе – Орск тасжолында Opel маркалы жеңіл көліктің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, DAF жүк көлігімен соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, деп мәлімдеді Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта оқиға орнында тергеу-жедел тобы жұмыс істеп жатыр, жол апатының барлық мән-жайы мен себептері анықталуда.

Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды жол ережелерін қатаң сақтауға, қауіпсіз жылдамдықты таңдауға және ауыр салдарға жиі әкеп соғатын қарсы қозғалыс жолағына шықпауға шақырады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу