Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтөбе облысында жүк көлігімен соқтығысқан автобус жүргізушісі қаза тапты

Оқиға
Ақтөбе облысында жүк көлігімен соқтығысқан автобус жүргізушісі қаза тапты

Ақтөбе облысында жүк көлігімен болған жол-көлік оқиғасы салдарынан автобус жүргізушісі көз жұмды, деп хабарлайды Malim.kz «Диапазон» басылымына сілтеме жасап.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 9 мамыр күні Самара – Шымкент тас жолында, Корпе елді мекенінің маңында орын алған.

«Автобус пен жүк көлігінің тіркемесі арасында жанама бүйірлік соқтығысу орын алды. Соның салдарынан автобус жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Апат кезінде автобустың ішінде алты жолаушы болған. Жолаушылардың жағдайы нақтылануда. Аталған жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу басталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», – деп мәлімдеді облыстық ПД өкілдері.

Фото: «Диапазон» басылымы.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу