Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтөбеде 745 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Экономика
Ақтөбеде 745 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
7kun.kz

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров өңірдегі сумен, газбен жабдықтау және тұрғын үй салу жұмыстары туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.    

Әкімнің айтуынша, ауыз су мәселесі өңірдің әлеуметтік дамуы үшін негізгі басымдықтардың бірі.

— Өңірдің өркендеуінде халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету шешуші рөл атқарады. Биыл 1 300-ден астам тұрғыны бар 4 ауыл таза ауыз сумен қамтылды. Жыл соңына дейін 2 мыңға жуық тұрғыны бар 6 ауылда орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтау жұмыстары толық аяқталады, — деді ол.
Сонымен қатар ол брифинг барысында биыл ауылдарды газдандыру қарқыны ерекше жоғары болғанын айтты.

— Биыл облыс бойынша ауылдарды табиғи газға қосу қарқыны бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті. 9 мыңға жуық тұрғыны бар 22 елді мекен газға қосылған. Жыл аяғына дейін тағы 3 500 тұрғыны бар 6 ауылға көгілдір отын келеді, — деп айтты ол.
Сонымен бірге Шахаров биылғы көрсеткіш үшжылдық жоспарды да артығымен орындағанын атап өтті.

— Бар болғаны бір жылдың ішінде 28 ауылды (12,3 мың адам) газбен қамту арқылы біз 2022-2024 жылдарға арналған үшжылдық жоспарды орындаймыз. Нәтижесінде өңірде газбен қамту деңгейі 97%-ға жетеді, — деді ол.
Асхат Шахаров тұрғын үй құрылысы да жоғары қарқынмен жүріп жатқанын жеткізді.

— Біздің тағы бір маңызды міндетіміз халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету. Жыл соңына дейін Үкімет бекіткен 1 млн шаршы метр тұрғын үйді іске қосу жоспарын толық орындаймыз, — деді әкім.
Әкімнің айтуынша, 10 ай ішінде өңірде 745 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.

— Биыл кезекте тұрған 419 отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз еттік, жыл соңына дейін тағы 1 063 отбасы баспана алады, — деп қорытындылады ол.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу