Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтөбеде Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған спектакль қойылды

Қоғам
Ақтөбеде Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған спектакль қойылды

Ақтөбе облысында Жеңістің 80 және Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған «Снайпер» қойылымы сахналанды, деп хабарлайды Malim.kz.

«Снайпер» қойылымы — қалалық қазақ зағиптар қоғамы Мәдениет үйінің алғашқы бірлескен жұмысы.

Біз осы қойылым арқылы батыр қыздың ерлігін, қайсарлығын және адамгершілік қасиеттерін жастарға өнеге етіп, оның жарқын бейнесін еске алуды жөн көрдік. Қойылымның форматы ерекше болды. Көріністе соғыс сахналары мюзикл нұсқада қойылды. Бұл тәжірибе — біздің алғашқы бастамамыз. Ең басты мақсат — мүмкіндігі шектеулі жандардың бойындағы өнерді шыңдау, қолдау көрсету. Қойылымға 6 өнерпаз қатысты. Олар өздерінің алғашқы дебюттерін сәтті орындады. Алдағы уақытта тағы да осындай іс-шараларды ұйымдастыру жоспарда бар, — деді әдіскер Ерболат Есенбекұлы.

Қойылым өнерсүйер қауымға ерекше әсер қалдырды. Әлия рөлін сомдаған Жарқын Бақберген көрермен жүрегін жаулап, олардың ыстық ықыласына бөленді. Кейбірі көзіне жас алып, өнерпаздарға алғыс білдірді.

Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу